Bugin

"Қашанғы көзді жұмып, құлақты бітеп отыра бересіздер?": Депутат Үкімет басшысына сауал жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Депутат Еділ Жаңбыршин мәжілістің жалпы отырысында, кеше Астанада болған мұнайшылардың әрекетіне қатысты Үкімет Басшысына сауал жолдады. Жаңбыршин соңғы кездері Батыс өңірінде жұмысшылар арасында ереуілдер жиі орын алып жатқанын алға тартып, жауапты адамдардан осыны оңтайлы шешуін сұрады. 

"Күні кеше Маңғыстаулықтар өңірде мәселесі шешілмеген соң Астанаға келді. Өткен мәжілістің жетінші шақырылымында, Маңғыстаудағы жұмыссыздыққа, еңбек дауларына қатысты бірқатар мәселелер көтергенбіз. Бірақ Үкімет, Самұрық қазына, ҚазМұнайГаз және жергілікті атқарушы билік тарапынан жүйелі жұмыстар жасалынбады, тиісті нәтиже болмады. Ал Маңғыстауда жарылайын деп тұрған жара көп.

Үкімет комиссиясын құру жөнінде де хат жолдадық, оған әлі жауап бермедіңіз. Қашанғы көзді жұмып, құлақты бітеп, ауызды буып отыра бересіздер. Мәселені шешетін уақыт өтіп бара жатыр. Ертең қолымызды мезгілінен кеш сермеді деп жүрмеңіздер", - деді депутат.