ДАМУ
Кейде бір сәт өзге елде өмір сүрген қалай болар екен деп ойлайтынымыз рас. Егер шын мәнінде шетелге қоныс аударғыңыз келсе, онда тіршілік етуіңізге әсер ететін факторларды қарастыру керек. Яғни, ол елдің экономикасын, медицинасы мен білім беру жағдайын әбден зерттеу керек. Bugin.kz порталы 2023 жылы әлемде өмір сүруге қолайлы 5 елді ұсынады. Тізімді бірінші орын алған Тайваньнан бастайық.
ТАЙВАНЬ
Астанасы: Тайбэй қаласы
Президент: Цай Инь-Вэн
Валюта: Жаңа Тайвань доллары
Халық саны: 23 313 550
Тайваньда тұрудың ай сайынғы құны - 18 000 Жаңа Зеландия доллары
Тайвань-ресми түрде Қытай Республикасы деп аталатын Шығыс Азиядағы ел. Көршілес елдері: солтүстік-батыста Қытай Халық Республикасы, солтүстік-шығыста Жапония және оңтүстікте Филиппин.
Тайвань – өмір сүру үшін өте қауіпсіз ел. Сонымен қатар ол бірнеше әлемдік қауіпсіздік индекстерінде үздік болып саналады. Мәселен, SafeAround индексінде 160 елдің ішінде 24-ші орында тұр. Ал жаһандық бейбітшілік индексінде 163 елдің ішінде 26-шы орынға ие болды.
МЕКСИКА
Астанасы: Мехико қаласы
Валюта: Мексикалық песо
Президент: Андрес Мануэль Лопес Обрадор
Халық саны: 133 593 887
Мексикада тұрудың ай сайынғы құны-мекс 18,000
Мексика – Латын Америкасының ірі үшінші елі. Жұмыс істеуге және тұруға ең қолайлы, экономикасы жағынан екінші орында тұр. Бұл ел құрғақ жерімен де, Кариб теңізі жағалауларымен де танымал.
Мексикаға көшіп келгісі келетіндердің қара көп. Бірі мұндағы адамдардың мейірімділігін ұнатса, енді бірі елдегі бағаның арзан екеніне назар аударады. Сонымен қатар бұл елде жылжымайтын мүлікті оңай әрі қауіпсіз сатып аласыз.
Мексикада температура жыл бойы жылы, ал жазда өте ыстық болуы мүмкін.
КОСТА-РИКА
Астанасы: Сан-Хосе
Валюта: Коста-Рика колоны
Халық саны: 5 243 731
Коста-Рикада айына өмір сүру құны – 1 000 доллар
Коста-Рика (ресми түрде Коста-Рика Республикасы деп аталады) Орталық Америкада орналасқан. Бұл – солтүстігінде Никарагуамен, оңтүстігінде Панамамен, батысында Тынық мұхитымен және шығысында Кариб теңізімен шектесетін шағын мемлекет.
Аталмыш ел өзінің флора мен фаунаға бай табиғатымен мақтана алады. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың өмір сүру әлеуеті өте жақсы. Ел арасында «кедейлерінің өзі байша өмір сүреді» деген әзіл-шыны аралас сөз бар.
Тропикалық климат болғанымен, теңіз деңгейіне байланысты ауа райы да өзгеріп тұрады.
МАЛАЙЗИЯ
Астанасы: Куала-Лумпур
Валюта: Малайзиялық ринггит
Халық саны: 33 641 920 (2019)
Малайзияда айына өмір сүру құны – 2 036 Малайзиялық ринггит
Малайзия – Малай түбегінің бір бөлігін, сондай-ақ Борнео аралын қамтитын оңтүстік-шығыс Азияда орналасқан ел. Бұл ел – адамдар арасында көші-қон үшін танымал орын.
Малайзия – көптеген табиғи ғажайыптары бар әдемі ел. Сонымен қатар жұмыстың да түр-түрі бар.
Егер сіз Малайзияда балаларыңызбен бірге тұруды шешсеңіз, мұндағы денсаулық сақтау мекемелеріне сене берсеңіз болады. Заманауи білім беретін шетелдік мектептер де өте көп.
ПОРТУГАЛИЯ
Астанасы: Лиссабон
Валюта: Еуро
Халық саны: 10 074 432
Португалияда тұрудың айлық құны - 775 €
Иммигранттар үшін әлемдегі ең қолайлы елдер рейтингінде Португалия 28-ден 5-ші орынға көтерілді.
Пиреней түбегінде Еуропаның оңтүстік-батысында орналасқан Португалия басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда тізімнің басында тұр.
Португалияға қоныс аударатын эмигранттар Лиссабонды жақсы көріп қалатын көрінеді. Өйткені оның әйгілі тас көшелері мен керемет тарихи ғимараттары кез келген келушіні таң-тамаша ететіндей екен.