Bugin
Оқиға Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың маңында болған. Тергеу нәтижесінде әйелдің жеке басы анықталды. Ол 1976 жылы туған азаматша, тұрақты тұрғылықты жері жоқ болып шықты.
Түрксіб аудандық полиция басқармасының хабарлауынша аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы 08:40-та Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды.
"Жедел тергеу тобы оқиға орнын тексерді. Әйелдің басы кесілген болып шықты. Оның жеке басы анықталды. 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған", - дейді полицейлер.