Bugin

Семей интернатында бала көз жұмды: полиция түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семей интернатында көз жұмған балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полиция.

Оқиға 7 сәуірде Семей мектеп-интернатында болды. 15 жастағы жасөспірім тамақ ішіп отырып, қақалып қалған. Жедел жәрдем бригадасы келгенше жасөспірім қайтыс болып кеткен.

Абай облысы білім басқармасының мәліметінше, жасөспірімге "жеңіл ақыл-ой кемістігі" диагнозы қойылған. Интернатқа Семей психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындысы негізінде қабылданған.

Дүйсенбіден жұмаға дейін бала № 6 арнайы мектеп-интернатта тұрып, оқып, ал сенбі және жексенбі күндері анасы баланы үйіне алып кетіп жүрген.

"Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары жасалады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - дейді полиция.