Әлем

Қытайдың Шэньян қаласында үшінші балаға қомақты қаржылай көмек тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ляонин провинциясының Шэньян қаласы отбасыларды үш балалы болуға ынталандыру үшін ақшалай жәрдемақы бере бастады. Бұл туралы жергілікті үкіметтің бала туу саясатын оңтайландыруға және халықтың ұзақ мерзімді әрі теңгерімді дамуына ықпал етуге бағытталған жоспары жобасында айтылған.

Шэньян қаласында үшінші балалы болған ерлі-зайыптылар сәби үш жасқа толғанға дейін ай сайын 500 юань (шамамен 72,6 доллар) жәрдемақы ала алады. Төлемдер 2023 жылдың 20 қаңтарынан бастап есептеледі.

Қытайдың көптеген қаласында бала тууды қолдау үшін бірқатар саяси шара қабылданып жатыр, соның ішінде бала күтімі шығындарын азайту. Кейбір провинциялар мен аймақтарда жергілікті үкімет екінші немесе үшінші баласы бар отбасыларға білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй мәселелерінде қолдау көрсетуді қолға алды.

Шэньчжэнь және Вэньчжоу сияқты қалаларда бір балалы отбасылар арасында сауалнама жүріп, бала тууды қолдау саясатын оңтайландыру туралы пікірлер жиналды.

Ал Ханчжоу қаласында тіркелген отбасылардың барлығы жаңа туған баласы үшін жәрдемақы алуға өтініш бере алады.