Саясат

"Қазір ең қауіпті кезең": Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс туралы мәлімдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы тағы да ескертті. Бұл туралы ол Fox News-ке берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, АҚШ билігінің қабілетсіздігі жаңа қақтығысқа қауіп төндіреді. Трамптың пікірінше, қазір адамзат тарихтағы ең қауіпті уақытта өмір сүріп жатыр. 

"Қару-жарақтың арқасында қазір біздің еліміздің тарихындағы және әлемдік тарихтағы ең қауіпті кезеңді өткеруде. Ал АҚШ-тың басшылығында қабілетсіз адам отыр",-деп қорытындылады АҚШ экс-президенті.

9 сәуірде Трамп жаһандық қақтығыстың басталғанын мәлімдеп, әлеуметтік желідегі парақшасында "үшінші дүниежүзілік соғыс" деп жазды. Ол бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің басшылығымен басталуы мүмкін үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы хабарлаған болатын. Трамп сонымен қатар Мемлекет басшысы болып сайланған кезде жанжалдың алдын алуға уәде берді.