Bugin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының екі орынбасары тағайындалды.
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Асхат Қалмағамбетұлы Төлеуов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Экономикалық қауіпсіздік қызметінің бастығы болды.
Сондай-ақ Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.