Bugin

Әйелдің басын пакетке салып дүкенге тастап кеткен: Куәгерлер қылмыс туралы айтып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда бетперде киген белгісіз біреу адамның басы салынған пакетті базарға тастап кеткен. Шұжық дүкенінің сатушылары бастапқыда біреу затын тастап кетті деп ойлаған

Пакеттің ішіндегі адам басын көрген саудагерлер бірден полиция шақырыпты. Әйелдің денесі басқа жерден табылған.

“Осы жерде жүрді күдікті адам, маска тағып, көзілдірік киіп алған. Көк түсті күртеше киіп, әрі-бері жүрді. Пакетті біздің көрші дүкенге тастап кетіпті. Кейін сатушы күзет пен бақылаушыны шақырды, енді күдікті адам келіп тұр ғой. Сосын сыртта тексеріп ашып қараса, адамның басы екен”, – дейді саудагер Алдияр Әбиболла. 

Күдікті пакетті күндізгі 12:00 шамасында шұжық сататын дүкенге тастаған. Куәгерлердің айтуынша, оған дейін базар ішін арлы берлі 3-4 рет айналып жүрген екен. 

Әлеуметтік желі қолданушылары марқұмның денесі базардан 300 метр жердегі Сейфуллин мен Шолохов көшелерінің қиылысында орналасқан саябақтан табылған. Алайда әзірге полиция бұл қылмыстың мән-жайы туралы ашып айтпады.

Полиция мәліметінше саябақ маңындағы қараусыз қалған ғимарат жанынан таңғы 9:00 шамасында әйелдің мәйіті табылған. Ол 1976 жылы туған әйел екен. 

Тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.  Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция Басқармасымен ҚР ҚКнің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде” – деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Еске салайық, Алматыда сауда орындарының бірінен пакетке салынған әйелдің басы табылғаны расталғанын хабарлаған едік. Қазір полиция қанды қылмысты жасаған адамды іздестіріп жатыр.