Саясат

Халық ықыласының марапаты

Астанамыздың Нұрсұлтан аталуы тарихи шешім, халық ықыласының марапаты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан – Нұрсұлтан – Астана есімдері біртұтас әлемге айналған. Алыс-жақын шет елдер де бұл ұғымдарды бір-бірінен бөле жарып қарамайды, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.

Астанамыздың Нұрсұлтан аталуы тарихи шешім, халық ықыласының марапаты.

Кезінде алып Ресей империясының құрылуына негіз болған Санкт-Петербург қаласы да батпақтың үстіне салдыртқан Петр I есімімен аталса, сол сияқты Рим, Александрия, Вашингтон қалаларының тарихи атаулары негізін қалаушылардың есімімен байланысты.

Осы тұста Елорда мен бүкіл Қазақстанды дамытудағы жетекші рөл Отаны мен барша қазақстандықтардың бақыты, игілігі үшін қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан көреген Ұлт көшбасшысына тиесілі екендігі күмәнсіз.

Нұрсұлтан Назарбаев – Қазақстан Республикасын тұрақтылық, бейбітшілік пен даму жолында сенімді түрде бастап келген көрнекті мемлекет қайраткері ретінде елордамыздың атауын елбасының атын беру ең дұрыс шешім.

Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала.

Тұңғыш Президентіміздің осындай Елорданы жасауы, Астанамызды әлем тануы, бұл – Елбасының жетістігі. Жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.