Bugin

457 мыңға жуық қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1 сәуірдегі жағдай бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен азаматтарға тағайындалады.

Биыл 1 қаңтардан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама қосымша төлем түріне ауыстырылды. Яғни 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 жыл – 5175 теңге) төленеді.

1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.