ДЕНСАУЛЫҚ

Шымкентте туберкулезбен ауыратын мұғалім оқушыларға сабақ беріп жүрген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласындағы №33 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі туберкулезге қарсы диспансерге жатқызылды.

Сәуірдің 7-сі күні өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған ұстаз, қалалық туберкулезге қарсы диспансерге жеткізілген. Алынған анализдер қорытындысы жексенбі күні анықталған.

"Биылғы 16 наурыз күні мұғалім флюорографиядан өткен. Нәтижесі "хранический бронхит" деп берілген.

Мұғалім мектепте талып құлады деген сөз - жалған ақпарат. Мектеп басшылығы тарапынан 10 сәуір күні залалсыздандыру жұмыстары, ал 11 сәуір күні СЭС қызметкерлері дизенфекция жұмыстарын жүргізді", - делінген Шымкент қалалық білім басқармасы тарапынан таратылған ақпаратта.

Ал мамандар оқушылар үшін қауіп жоқ екенін айтуда.

Дегенмен, олардан манту сынамасын алу басталды.