Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖетісуда жол апатынан бір адам қайтыс болды.
Жол апаты Ескелді ауданында болды. Алдабергенов ауылының жанындағы автожолда Toyota Prado мен Toyota Camry соқтығысқан.
Оқиға орнында жеңіл көлікті басқарған 47 жастағы ер адам қаза тапты. Жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолаушысымен бірге ауыр дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өлімге әкеп соқтырған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61