Bugin

Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақтауда полиция бастығының орынбасары қызметкерін ұрып-соққан. Осыған байланысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Видеоның сипаттамасында Шынболат Дәрібаевтың қарамағындағы қызметкерлі соққыға жығып жатқаны айтылады. Жанжалдың себебі белгісіз. Қызметтік тергеу басталған.

«Маңғыстау облысы полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясы қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.