Bugin

Өткен жылы 128,4 мың неке қиылып, 44,5 мың жұп ажырасқан – статистика

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Былтыр елімізде 128 мыңнан астам жұп некесін қиса, 44 мыңнан астам ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді.

Ұлттық статбюроның дерегіне сүйенсек, өткен жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

"Өзге ұлт өкілімен тіркелген некелердің үлесі 34,8% құрады. Алғаш некеге тұрған ерлер үлесі – 79,1%, әйелдер арасында – 81%. Некені алғаш құрғандардың орташа жасы: ерлерде – 28 жас, әйелдерде – 25,2 жас.

2022 жылы некелердің ең көбі тамыз айында тіркелген – 15 267", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ өткен жылы 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,7% төмен.

2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған, бұл ажырасулардың жалпы санының 34,6%. 5-9 жыл некеде тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%.