Өнім

Алматыда махаббат күніне арналған концерт өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құрманғазы оркестрінің ғашықтар күніне орай өткізетін «Махаббат – мәңгі ертегі» атты концертінің пост-релизі

2023 жылдың 14 сәуір күні сағат 19.00-де Құрманғазы оркестрінің концерт залында Ұлттық оркестрдің «Махаббат – мәңгі ертегі» атты мерекелік концерті өтті.

Кеш қонақтары: Қазақ эстрадасының жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Азамат Бақбергенов. Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары Тахауи Рахметов, Жадыра Аманова, Анастасия Скепко, Динара Нұрбаева.

Жеке орындаушылар: Мәдениет саласының үздіктері Бейбарыс Хамзин, Әсел Жылқышынова, Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Сатжан Шамелов, Әсел Рақымжан.

Концерттік бағдарламада оркестр репертуарындағы ең таңдаулы шығармалар орындалды.

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ    жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

Ғашықтар күні құтты болсын!