Bugin

Елімізде 21 жасқа толмағандарға микронесие беруге тыйым салынбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

21 жасқа толмаған азаматтарға микронесие беруге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ашық талқыға шығарған қаулы-жобасында жазылған.

 

"Атаулы әлеуметтік көмекті және 21 жасқа толмаған қарыз алушының кірісін бағалау ресми кірісі негізінде айқындалады. Қарыз алушының орташа ай сайынғы кірісі оның өтініш жасау алдындағы қатарынан 6 айдағы қатынасы ретінде есептеледі", - делінген "Ашық" НҚА порталында жарияланған құжатта.

"Жоба 21 жасқа толмаған адамдарға микрокредит беруді шектеу мақсатында, сондай-ақ осындай қарыз алушыларды қорғау мақсатында әзірленді. Сонымен қатар, жобада тұтынушылық несиелеуде тәуекелдердің өсуіне жол бермеу мақсатында борыштық жүктеме коэффициентін есептеуге қойылатын талаптарды қатаңдату көзделген", - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 28 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.