Bugin

Еліміздің 15 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кешеден бері көптеген өңірде қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.

«ҚазАвтожол» АҚ-тың хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық тасжолдардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу қойылды. Республикалық желіде 500 арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып жатыр.

Өткен тәулікте жол мамандары қар құрсауынан 65 көлікті шығарды.