Әлем

Украинаның Ресейге қай кезде шабуыл жасайтыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина әскерінің Ресей армиясына қарсы шабуылды бастайтын уақыты жақындап келеді. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Осы күндері Украина Қарулы күштерінің ресейлік радиолокациялық және радиоэлектронды күрес жүйелеріне мақсатты түрде соққы беріп, жаппай жойып жатыр.  

Қолда бар дерекке қарағанда, украин әскері соңғы күндері Ресейдің жалпы құны 1 млрд доллардан асатын радиоэлектронды күрес жүйелерін жойып жіберген.

Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, Қарулы күштердің қарсы шабуылы басталатын уақыт өте жақын қалды.