Bugin

Алаяқтар туралы «СЕНБЕ» қазақстандық комедиясы прокатқа шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

13 сәуірден бастап режиссер Данияр Амангелдиевтің дебюттік көркем фильмі - «СЕНБЕ» отбасылық комедиясы прокатқа шықты.

Фильмде ұсақ-түйек айла-шарғымен бай әйелдерден ақша жымқыратын алаяқ туралы айтылады. 

Кинокартинаның идея авторы және режиссері – танымал клиптермен жұмыс істеп жүрген Данияр Амангелдиев. Ол Молданазар, V$XV Prince, Say Mo, Raim, Sadraddin және тағы басқа өнерпаздарға клип түсірген. 2022 жылы GAKKU телеарнасында «Түймедақ» телехикаясы на да режиссер ретінде де өнер көрсетті.

Алғашында заманауи Алдара-Көсе жасау идеясы болды. Жазушылармен синопсисті талқылай бастағанда, біз тағы бірнеше режиссердің осыған ұқсас оқиғаны түсіретінін білдік. Екеуімен де сөйлестім, бұл жобалар аяқ астынан жүріп жатыр екен. Ешкім ешкімге араласпайды. Бірақ сценариймен жұмыс істеу барысында біз бірінші тұжырымдамадан алшақтап, алаяқтардың тұтас бір отбасысы пайда болды,- дейді режиссер.

Жалған отбасының әкесі атанып, басты рөлді сомдаған – Жандос Айбасов.

Көптен бері басты рөлдерде ойнамадым. Мен актер ретінде осы атмосфераға қайта кіруге мүдделі болдым. Иә, мен жігіттерді қолдағым келді. Мен әрқашан дебютанттарға қолдау көрсетуге тырысамын. Рөлді ойнай алмасам да, тым болмаса нұсқап, кеңес беремін. Бізге жаңа мамандар қажет, біздің индустрия соны талап етеді, өйткені Қазақстанда кино өте жақсы дамып келеді, -деді Жандос Айбасов.

Күн сайын мыңдаған қазақстандықтар түрлі алаяқтардың құрбанына айналуда. Бұл үлкен алаяқтық туралы қызықты фильм ғана емес, сонымен қатар моральдық оқиға.

Басты рөлдерде Қарлығаш Мұхамеджанова, Бақытжан Әлпейісов, Алма Сағындық және Бақытжан Ақпаровтың (Баха Пупер) ойнады. Ал кішігірім, бірақ маңызды рөлдерді Ержан Жаманқұлов, Мәдина Ақылбекова, Ақжол Серікжанұлы (Альфа) және Альберт Титте сомдады.

Түрлі музыканттармен тығыз жұмыс істеп жүрген режиссердің филмде музыкаға баса назар аударғанын байқауға болады. Саундтректердің негізгі бөлігін белгілі рэпер DASHXX арнайы жазған.

"Біз DASHXX-тен мұндай қолдау күткен жоқпыз. Бастапқыда біз одан фильмімізге бір трек жазуын өтінген едік. Біз оған фильмді монтаждап жібердік, трейлерін көрсеттік, біраз уақыттан кейін ол бізге хабарласып, бірнеше ән жазып, EP-альбом жасағысы келетінін айтты. Біз үшін бұл тосын-сый болды", -дейді режиссер.