Bugin
Атырауда масаға қарсы дезинсекция жүргізуге 50,4 млн теңге бөлінген.
Кестеге сәйкес, масаны жою жұмыстары бірінші кезекте көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлесі мен кіреберісінде жүргізіледі. Одан кейін дезинсекция жұмыстары тұрғын үйлер алабы мен саябақтарды қамтитын болады. Тендерлік конкурстың жеңімпазы атанған «AG Disinfection» ЖШС-дан бөлінген үш бригада құрамында 25 маман мен 45 арнайы техника бар. Қазір арнайы мамандар роторлы бүріккішпен масаны улауды қолға алды. Биыл бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 50 млн 400 мың теңге бөлінді, – деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Белгілі болғандай, өткен жылға дейін мердігер мекеме мұнайлы шаһар мен оған таяу орналасқан елді мекендерді масаға қарсы улау жұмысымен қамтыған. Ал қала әкімдігіне қарайтын ауылдық округтердің әкімі масамен күресті өздері ұйымдастырады.