Экономика

2019 жылдан бастап еңбек кітапшасы керек болмайды

Онлайн жүйеге ауысады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2018 жылдың соңына қарай еңбек кітапшасы қолданыстан шығып, оның орнына онлайн жүйесі іске қосылады,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

 

e-HR жүйесі Қазақстанға 2019 жылдан бастап енеді. Бұл дегеніміз еңбек кітапшасын енді сөмкеге салып жүрудің қажеті жоқ деген сөз. Бәрі онлайн жүйеде іске асады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшылығы былай дейді:

Заманауи тұрғыда мұндай әдісті пайдалану жұмыс берушігі де және жұмысқа тұрушы тарапқа да тиімді. Уақыт өте келе жұмысқа тұрушы тараптан тек жеке куәлігі талап етіледі, қалған құжаттың бәрі онлайн түрде базада тұрады.

Аталған жаңа жүйе осы жылдың соңына қарай іске қосылады. Бұл тәжірибе жүзінде жүреді. Ал толыққанды онлайн жүйе 2019 жылы қабылданады.