Weekend
Қазақ қоғамының қорегі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖалпы біздің қоғам қандай контентпен қоректенеді немесе бізге шын мәнінде не қызықты? Бірден әңгімеге көшейік, қазақша ең көп қаралым, пікір, лайк пен аудитория жинайтын пост иелері:
1. Жалаңаш не тартымды қыздар. Астына ақылдылар ұят деп жазғанымен, бәрібір подписка жасап оқып отыра береді.
2. Нәжіс видео түсіретіндер. Өзі айтып өзі күлетін, не вайнға жатпайтын бірдеңе түсіріп желіге жібереді, мұндай нәжісті жақсы көретін біздің қоғам қуана қабылдайды (челлендж, ТикТок, Бишілер, Дабсмаш, өтірік бьюти-блогерлер бәрі кіреді).
3. Бай таппағандардың тв-шоулары. Байқауымша біздің қоғамға солардың тышып-сигені мен өмірлері қызық, өздерің жұлдыз қыласыңдар. Түк көрмегедер жоғарыға шықса білесіңдер не боларын, кеудесіне нан піседі және ондай шоулар жалғыз ғана емес екен.
Сұраныс бар жерде ұсыныс болғандықтан мұндай кеселдер арамызда бар. Яғни бұл СІЗДЕР осындай "ЖҰЛДЫЗДАРҒА ЛАЙЫҚТЫСЫЗДАР". Осындай нәжіспен қоректенуді тоқтатқанда ғана қоғам мен әлем өзгереді. Аузы нәжіске толы қоғам әділеттілікті талап етсе, төбедегілер қалай сені адам құрлы көрсін? Құдай-ау, ауыздарыңды сүртсеңдерші?!
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61