Bugin

Кәмелетке толмаған қыз зорланды: Күдікті - 72 жастағы зейнеткер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысының полицейлері кәмелетке толмаған қыз балаға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады.

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында зейнеткер 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

Аудандық полицияның мәліметінше, мектепке 72 жастағы ер адам келіп, баламен сөйлескен. Мұны байқаған мұғалімдер ескерту жасапты.
Кейінірек психологпен болған әңгімеде қыз бала бар шындықты айтып берді.

Аудандық білім бөлімі тергеу аяқталмайынша бұл іске қатысты пікір білдіруден бас тартты.
Зейнеткер екі айға қамауға алынды. Ол 25 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.