Bugin
Әлеуметтік желіде белгісіз азаматтың Каспий жағалауында қолтырауын жүзіп жүр деген видеосы тарады.
"Каспийде қолтырауын жүр". Бұл ақпарат бүгін желіде қызу талқыға түсті.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес видео Ақтауда, Каспий жағалауында түсірілген. Алайда бұл өтірік болып шықты.
Шын мәнінде видео Аустралияда түсірілген, авторы Дэвид Макмахон есімді маман екен. Сөзінше, жағалауда ұлу жинап жүргенінде артқы жағынан үлкен қолтырауын жақындаған. Бірақ жыртқышты ерте байқап, кейін оны видеоға түсіріп алған көрінеді.
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұл Каспий теңізінде болуы мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол Африка сияқты ауа-райы жылы, тропиктік және субтропиктік аймақтарда мекендейді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан мұқият талдай отырып видеодағы ақпараттың жалған екенін айта аламыз, - деді Ғаббас Досатов.
Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.