Bugin
Астанадағы сот залында Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары Алмаз Нұразхан өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылды.
17 сәуірде экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының (Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов, Айым Сәдуақасова) ісі бойынша сот отырысы басталды. Қылмыстық іс №2 Байқоңыр аудандық сотында қаралып жатыр.
Бүгін сот отырысында айыпталушылардың бірі Алмаз Нұразхан өзін жайсыз сезініп, медициналық көмектің қажеттігін айтты. Оны сот залынан жедел жәрдем алып кетті.
Алмаз Нұразханды жедел жәрдем бригадасы клиникаға алып кетті. Қайсы клиника екенін білмеймін. Диагноз қою үшін мамандардың көмегі керек, - деді айыпталушының адвокаты Мұстақым Төлеев.
Судья сот отырысын 24 сәуір, сағат 10:00-ге ауыстырды.