Bugin

Павлодарда мал іздеуге кеткен әйелдің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды.

16 сәуірде Бесқауға ауылының тұрғындары өздерінің "ВАЗ-2104" көлігімен жоғалған малдарын іздеп далаға шыққан. Сағат 19:00 шамасында күйеуі көлікке оралып, әйелін күткен. Бірақ әйелі оралмапты. Ер адам полицияға хабарласқан. 

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Іздестіру-құтқару жұмыстарына үш бірлік техника жұмылдырылған. "Екібастұз" унитарлық кәсіпорнының жеке құрамы, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындардан тұратын төрт іздеу тобы құрылды. Іздеу жұмыстары жақын маңдағы елді мекендерге жақын дала массивінде жүргізілді. Барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдеріне бағдарлар жолданды.

19 сәуірде сағат 17:20 шамасында "Тұрсын" шаруа қожалығы маңында 16 сәуірде зорлық-зомбылық белгілері жоқ жоғалып кеткен Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынының мәйіті қардан табылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, – делінген хабарламада.