Bugin

Кеден саласы кімнің қолында?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Мәжіліс кулуарында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кеден саласына қатысты журналистердің бірнеше сұрағына жауап берді.

Журналист: Халық арасында Қазақстанның кеден саласын ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары мен туыстары бақылауында ұстап келген деген пікір бар. Осыған байланысты қандай да бір тексеру жүргізіле ме?

Ерұлан Жамаубаев, Қаржы министрі:

Мемлекет басшысы былтыр кеден саласында тәртіп орнатуды тапсырды. Осыған байланысты біз көптеген заңбұзушылықты анықтадық. Бас прокуратура және басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жұмыс тобы құрылды. Олар жұмыс істеді. Анықталған барлық факті құқық қорғау құрылымдарына берілді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Әрине, бюджетті сол заңбұзушылықтар тарапынан уақытылы төленбеген сомамен толықтыру көзделген. 

Былтыр құқықбұзушылықтан шамамен 50 млрд теңге өндірілді. Заң бұзған бірнеше экономикалық операторлар болды. Сіз осының басында тұрған бенефициарларды өзіңіз атадыңыз.

Журналист: Осының басында тұрған бенефициарлар солар (Назарбаевтың туыстары – авт.) демекпісіз?

Ерұлан Жамаубаев, Қаржы министрі:

- Олардың саны өте көп. 15-тен аса экономикалық оператор болды. Бірақ нақты қандай қылмыстық істер жүргізілгенін, нақты қандай сомалар болғанына құқық қорғау органдары жауап бере алады. Мен бюджетке қанша түскеніне ғана жауап бере аламын – бұл шамамен 50 млрд теңге.