МӘДЕНИЕТ

"Шректің" прототипі болған "періште-адам" кім еді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көптеген танымал кітап пен кино кейіпкерлерінің шынайы өмірде прототиптері бар. Олардың сыртқы келбеті, мінезі, әдеттерін авторлар өз туындыларының кейіпкерлерін суреттеуде қолданады. Мәселен, фэнтези жанрындағы танымал кейіпкер Шректің прототипі өмірде болған, танымал балуан -  Морис Тийе. 

Балалық шағы

Морис Тийе 1903 жылы 23 қазанда Челябинск маңындағы Оралда Ресейде келісімшарт бойынша жұмыс істеген француздардың отбасында дүниеге келген.
Бала 17 жасына дейін денсаулығына байланысты ешқандай мәселемен жолықпаған, бірақ кейін кенеттен денесінде дұрыс емес өзгерістер болып жатқанын байқай бастайды. Яғни, қолдары мен аяқтары ісініп, өсе бастайды, басы ұлғайып, бет әлпеті өзгеріп, келбеті қорқынышты құбыжыққа ұқсай бастайды. 19 жасында дәрігерлер Мориске акромегалия диагнозын қойды, бұл гипофиздегі қатерсіз ісіктен туындаған сирек ауру, әсерінен адамның сүйектерінің өсуіне және қалыңдауына әкеледі, әсіресе өзгеріс бет жағында байқалады. Бойы - 170 см, салмағы - 122 кг болған. Бірнеше жылдан кейін Морис Тийе Скандинавия ертегілерінің қорқынышты троллінен аумай қалады.
Бүгінде оның бюсті америкалық антропологиялық және спорттық мұражайларда сақталған.

Немен айналысты? 
Сондай-ақ халықаралық күрес мұражайында оның бір қойылымының шамамен бір минуттық бейнежазбасы бар. Ол бала кезінен заңгер болуды армандайды. Бірақ диагноздың салдарынан заңгерлік мансап жоспарларынан бас тартуға тура келді. Ол өз сұхбатында бала арманына қол жеткізе алмағанын әзілмен жеткізеді.
"Мүмкін, мен осындай түрмен адвокат бола алар едім, бірақ менің есектің гүріліне ұқсайтын дауысымды тыңдау мүмкін емес. Сондықтан мен әскери-теңіз күштеріне баруды шештім", - дейді ол.  
Айтпақшы, француз әскери-теңіз күштерінде ол бес жыл инженер-механик болып қызмет етеді. Ол адамдардың өзіне шамадан тыс назар аударатынына да үйреніп қалады.

Морис туралы естеліктерде оның ақкөңіл, мейірімді, көңілді адам болғаны айтылады. Оның палеонтологиялық мұражайдағы суреттерін қарап-ақ қандай көңілді азамат болғанын аңғара аламыз.

Фото: kulturologia.ru

Фото: kulturologia.ru

Жұлдызды жылдары

30-жылдардың аяғында Тийе кәсіби балуан-рестлер атанып АҚШ-қа көшті. Сыртқы келбеті мен күшінің арқасында күрестің бұл түрінде бірден жұлдыз атанады. Рингте оның лақап аты "Француз періштесі" болады. Үлкен танымалдылығына қарамастан, өте қарапайым адам және діндар католик болғаны жайлы да ақпарат аз емес. Қайырымдылық шараларына жиі қатысып тұратын ол, шет тілі пәнінен мұғалім болған анасының арқасында 10-нан аса тіл білгені жайлы да деректер бар.

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Ресми мәлімдеме
Мультипликатор Уильям Стейг ойлап тапқан көңілді және мейірімді "Шрек" кейіпкері Морис Тийеге тек сыртқы түрімен ғана емес, мінезімен де ұқсайды. Керемет кездейсоқтықты байқаған журналистер мұның кездейсоқ емес екенін анықтауға тырысты, бірақ DreamWorks студиясы әлі күнге дейін пікір немесе түсініктеме беруден бас тартып келеді. Дегенмен ұқсастықтардың айқындығы соншалық ресми растау қажет емес екені белгілі.