Bugin

Алматыда 16 жасар баланы көлік қағып, өлім құшты: "Құрма мен су таратып жүрген"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда 16 жасар жасөспірімді көлік қағып, өлім құшты. Ол кешкі мезгілде көшеде ауызашарға деп құрма мен су таратып жүрген.

 

Оқиға 18 сәуір Абай даңғылында болды. Кешкі сағат 19:30 шамасында көшеде ауызашарға деп құрма мен су таратқан жасөспірімді Toyota Camry маркалі көлігі қаққан. 16 жастағы жігіт белгіленбеген жерден қарсы бағытқа жүгіріп һтпек болған. 

Жасөспірім түрлі дене жарақатымен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Бірақ соққының ауырлығынан көз жұмды. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - делінген полиция ақпаратында. 

Сонымен қатар сот сараптамалық тексеру тағайындалған. Себебі әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша жасөспірім ауызашуға асыққан жүргізушілерге құрма мен су таратып жүрген.