Bugin
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары-Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов генерал-майор Серік Күдебаевтың елден қашуына қатысты пікір білдірді.
Алдажұмановтың айтуынша, Серік Күдебаев тау арқылы қашып кеткен болуы мүмкін.
«Түрлі болжам бар. Оның тау жақта, туған жерінде шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін адамдары да болған шығар. Біз тау арқылы елден шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз» деді Шекара қызметінің директоры.
Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
Болжам бойынша, Күдебаев Қырғызстанмен шекараны кесіп өтіп, ол жерден Өзбекстанға, кейін Солтүстік Кипрге немесе Түркияға ұшып кетуі мүмкін.