Bugin

"Кәсіпкерден ақша бопсалаған": Ерлі-зайыпты журналистер ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда құқық қорғау органдары журналист Владимир мен Наргиз Северныйлар ұстады.

Бұл туралы олардың ұлы Ратмир мәлім етті.

Кеше кешкі сағат жетіде "Достық Плаза" сауда орталығында менің сіңлім мен інімнің көзінше ата-анам қамауға алынды, - деді ол жұма күні әлеуметтік желіде жарияланған видео үндеуінде.

Оның айтуынша, оларды форма киген бірнеше адам ұстаған және тергеушілер оларды бейнекамераға түсіріп, тінтіген. 

Анамды бірден бөлімшеге алып кетті, ал әкемді бізді үйге жеткізген соң алып кетті, - деді Ратмир Северный.

Сонымен бірге ол ата-анасына бопсалау бойынша айып тағылғанын айтты.

Ал Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерлі-зайыптылардың алматылық ЖШС басшыларының бірінен теріс пиғылды материалдарды жарияламау үшін ақша бопсалап, сұраған қаржының бір бөлігін аударған кезде ұсталғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел-іздестіру шараларының барлық кешені жүргізілуде, нәтижесінде заңды процессуалдық шешім қабылданады-, деп жазылған полиция хабарламасында.