Әлем
Йеменде садақа тарату кезінде кем дегенде 90 адам қаза тапты.
Хуситтердің «Аңсар Аллаһ» көтерілісшілер қозғалысы бақылауындағы Сана қаласында садақа тарату кезіндегі аласапыранның салдарынан кем дегенде 90 адам қаза тауып, 300-ден астам адам жарақат алды.
Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған жауапты екі саудагер ұсталды.
Оқиға бейсенбі күні түнде қаланың орталық бөлігінде орналасқан Баб-эль-Яман ауданында болған.
«Аңсар Аллах» Жоғары саяси кеңесінің басшысы Махди әл-Машат ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланғандай, оқиғаны тексеру үшін ішкі істер органдары мен прокуратура өкілдерінен комиссия құруды тапсырды.
Видеоны мына сілтемеге кіріп көре аласыз.