Спорт
«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының тұрақты чемпионатында 2-орынға ие болған «Нефтяникті» плей-оффтан шығарып тастады.
Жоғары хоккей лигасында плей-офф ойындарының екінші кезеңінің қорытынды ойындары аяқталды. Жетінші шешуші ойында альметьевскілік «Нефтяник» қарағандылық «Сарыарқаға» 1:3 есебімен есе жіберіп, плей-оффтан шығып қалды.
Ойындағы алғашқы шайба 20 минутта соғылды. Шайбаның авторы – «Сарыарқа» ойыншысы Александр Ремов. Екінші айналымда Олег Ломаканың арқасында есеп еселенді. Соңғы айналымда қарсыластар бір-бір шайбадан соқты. Шайба авторлары – Даниэль Насыбуллин және Максим Кицын.
Жартылай финалда «Сарыарқа» командасы «СКА-Нева» командасымен кездесетін болады. Екінші жартылай финалда «Торос» және «Рубин» командалары өзара бақ сынасады.