Bugin
Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі әр өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарай ақырындап өсетін болады. Бұл жайлы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Қазіргі кезде электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерінің тозуын азайту мақсатында "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидатына көшу жұмыстары басталды.
"Бүгінгі таңда тарифтерді өзгертудің барлық құқықтық негіздері қалыптастырылды. Бұл ретте, олардың өсімі өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, кезең-кезеңімен орын алатын болады", - деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ барлық тұтынушы үшін коммуналдық қызметтердің әділ құнын қамтамасыз ету мақсатында тұтынудың әлеуметтік нормасын енгізу тетіктері әзірленеді.