Bugin
Ақтөбе қаласында көпқабатты үйдің маңынан екі адамның мәйіті табылды.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір түнгі екілер шамасында 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты.
Қаза болғандар 31 және 56 жастағы әйелдер екені анықталды.
Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ жергілікті "Ақтөбе Таймс" сол түні тағы бір қыздың Әбілқайыр хан даңғылында өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Облыстық полиция департаменті 1996 жылғы қыздың 8-ші қабаттан секіріп кеткенін растады. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.