ДАМУ

Әлемдегі ең ақылды 5 адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл», - деп Жүсіп Баласағұни айтып кеткендей,бұл дүниеде ақылдан асар ешқандай байлық жоқ. Бүгінгі таңда,білімді жандардың арқасында ғана дамыған заманда өмір сүріп жатқанымыз рас. Қуанышқа орай, жыл сайын бірінен-бірі асып түсер данышпандар саны ұлғаюда. Әлем бойынша адам білімінің деңгейін көрсететін әдістер мен сандық бағалаулар да бар. Оның ең танымал түрі - IQ. Ендеше,ойлау көрсеткіші жоғары әрі әлемдегі ең ақылды адам ретінде танылған  дарынды тұлғалармен танысып көрейік.

 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Гарри Каспаров

 IQ көрсеткіші 190-ға тең атақты шахматшы (және оппозициялық саяси қайраткер) 22 жасында отандасы Анатолий Карповты жеңіп, шахматтан әлем чемпионы атанды. 1989 жылдан бастап ол ұрпақтан-ұрпаққа жетілдіріліп келе жатқан ақылды машиналарға қарсы шахмат ойнап өзінің баға жетпес ақыл иесі екенін дәлелдеп кеткен. Онымен қоса,ол  бұл матчтардың барлығын тең нәтижеде аяқтаған болатын.
 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Мэрилин Савант

Америкалық жазушы және журналист Мэри Савант әлемдегі IQ деңгейі ең жоғары әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.Оның IQ деңгейі 228-ге тең. Мэрилин Савант ең алғаш рет 10 жасында  сынақ тапсырып,нәтижесінде бірден 228  секілді жоғары көрсеткішке ие болған.Ең қызық деректін бірі- оның тегі "Савант" француз тілінен «данышпан» деген мағынаны білдіреді екен.

 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Эдит Хелен Стерн

Америкалық өнертапқыш,математик және әлемдегі ең ақылды әйел. 5 жасында Британ энциклапедиясын толығымен  оқып бітіріп, 15 жасында колледжді бітірген болатын. Warner Bros.Television желісіне арналған цифрлық жарнамадағы топ мүшесі ретіндегі жұмысы үшін технология және инженерия бойынша Эмми сыйлығын жеңіп алған. 

 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Теренс Тао

Математик Теренс Тао, Калифорния университетінде 20 жасынан бастап жұмыс істейді. Оның IQ көрсеткіші 230-ға тең. Ол 8 жасында Джонс Хопкинс университетінің ерекше таланттарды зерттеу бағдарламасында 700-ден астам ұпай жинаған екі баланың бірі болды.Тао,математиктерге арналған «Филдс» сыйлығын 31 жасында алды. Нақты қарқынды ғылыми зерттеулерден басқа, Теренс Тао өзінің ғылым  жайында блогын жүргізеді.

 

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Ким Унг-Ен

Оның IQ көрсеткіші 4 жастан бастап 200-ден жоғары болды. Ким-Гиннестің ең жоғары IQ рекордының бұрынғы иегері.16 жасқа толғанда Колорадо Мемлекеттік Университетінде физика ғылымдарының докторы дәрежесін алды. Танымал НАСА-ның құрамында жұмыс істеді. Кореяда біраз уақыт құрылыс инженері болып еңбек етіп,кейін ғылымға қайтадан оралды.
Жоғарда аталып кеткен зерек ой иелерінің ақыл деңгейлері анықталып қойғанымен,адам баласының санасы шексіз болып келеді. Ақыл мен даму секілді ұғымдар ешқашан бір орында тұрған емес. Сондықтан,білім көрсеткіштерін анықтайтын сауалдар да болашақта өзгеруі мүмкін.Дегенмен, бұл да жәй ғана сан. Келешекте әлемді тағы да тамсандырар жаңа ойшылдар пайда болар,ал әзірше жер бетіндегі ең ақылды адамдар осы.

Ақжан Берікқызы