Bugin

Қызылордада ер адамды ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылордада ер адамды ұрып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды.

 

​”24 сәуір күні полицияға қалалық ауруханадан 42 жастағы азаматтың жансақтау бөлімінде қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен. Хабарлама бойынша, полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында екі азаматтың өзара жанжалдасып, салдарынан жəбірленуші алған ауыр дене жарақаттарынан ауруханада қайтыс болғандығы анықталды”, – делінген ақпаратта.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106 - бабының 3- бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру əрекеттері жүргізіліп жатыр.

“Бұл қылмысқа күдіктелген азамат оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел іздестіру шараларының нəтижесінде күдікті 38 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол  УҰИ-ға қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн  - жайлары анықталып жатыр”, – деді полиция.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61