Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматы облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан әйел адам мен жас бала қаза тапты.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 сәуірде Алматы – Өскемен автожолының 190 шақырымында болған.
"Көксу ауданында Subaru Legacy автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, автокөлік аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан әйел адам мен бүлдіршін бала мерт болды. Әртүрлі жарақатпен 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Ауруханаға жатқызылғандардың арасында үш кәмелетке толмаған бала бар.
Оқиға орнында полицейлер жұмысты жалғастырып, ЖКО мән-жайын анықтап жатыр.