Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comВице-премьер, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызы туралы айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанның бұл елмен сауда ынтымақтастығының келешегі зор.
"Біз Ауғанстанмен ынтымақтасып, сауда жасаймыз. Сауда көлемі 1 миллиард долларға жетті. Мысалы, бұл Әзербайжан және Түрікменстан елдерімен жасалған саудадан көп. Сондықтан саясат – саясат, ал экономика – экономика. Біз бұл сауда ынтымақтастықты дамытамыз", - деді Жұманғарин.
"Біз бидай, ұн, күнбағыс майын жеткізе аламыз. Мұндай мүмкіндіктен не үшін бас тартуымыз керек? Бұл біздің мемлекетімізге пайда әкеледі", - деп жалғастырды ол.
Министрдің айтуынша, қазір қазақстандық кәсіпкерлер нарықты зерттеп, ауған кәсіпкерлерімен танысып жатыр.
"Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көру үшін жергілікті кәсіпкерлермен танысып жатыр. Соңғы жолы біз ол жаққа азық-түлік өнімдерін өндірушілерді ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да апардық. Себебі Ауғанстанның жер қойнауы өте бай ел. Олар өте қызығушылық танытты", - деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, Қазақстанға ауған кәсіпкерлерін шақырып, бизнес-форум өткізуді жоспарлауда.
Ол тәліптердің жерінде Қазақстанның сауда үйін ашылып, өкіл тағайындалғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанада тәліптердің елшілеріне аккредитация беретінін айтқан болатын.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61