Технология

Биыл 5G желісі іске қосылады – Бағдат Мусин

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

“2023 жылы Астана, Алматы, Шымкент және кейбір облыс орталықтарында 5G енгізу мен дамытуды жоспарлап отырмыз. 2027 жылға қарай әрбір республикалық маңызы бар қаланы қамту 75%, ал облыс орталықтарын қамту 60% болады”, – деді министр. 

Бағдат Мусиннің айтуынша, 5G Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл цифрлық экономиканың дамуын жеделдетуге және заманауи технологиялық компаниялардың жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.  Сондай-ақ170 мыңнан астам үйді 5G интернетке қосу жоспарланып отыр.

Ал Үкімет басшысы президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан қуатты деректер орталықтары мен трансшекаралық талшықты-оптикалық магистралі бар цифрлық хабқа айналуға тиіс екенін атап өтті.

Үкімет "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 миллиард теңге бөлу жоспарлануда”, – деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.