Bugin

Жас отбасылар үйді оңай ала алады: Шарты қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы мен Астана секілді мегополистерде пәтер алу үлкен мәселеге айналды. Ебін тауып үйлі болып жатқандар да аз емес. Мемлекет тарапынан көмек беріліп жатқанын көзі ашық жандардың бәрі біледі.

Мәселен жас отбасыларға арналған арнайы бағдарлама бар. Bugin.kz порталы аталмыш бағдарламаның шарттарымен танысты.

Бұл «Отбасы банктің» жас отбасыларға арналған ипотекасы. Негізгі шарт – ресми неке, несие беру кезінде некеге отыру мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. Ал ерлі-зайыптылардың жасы маңызды емес.

Шарттары:

- Жылдық мөлшерлеме 6%;

- Екі жылдан кейін 5%-ға дейін төмендейді;

- Несие мерзімі 6 жылдан 9 жылға дейін;

- Ең жоғарғы сома 100 млн теңгеге дейін;

- Бастапқы жарна тұрғын үй құнының 50%-ы.

Үйлену оңай, үй болу қиын деген нақыл бар. Қазір "үй алу" да қиындап кеткенін жақсы білеміз. Қаржылық сауаттылықты арттырып, өзіңізге қатысты мемлекеттік бағдарлама мен конкурстарда белсенді болсаңыз, сіз де үйлі боласыз.