Bugin

Оралда жарылыстан үш адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қайғылы оқиға 25 сәуірде сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында орналасқан гаражда жарылыс болып, оқиға орнында үш адамның мәйіті табылды.

Оқиға орнында полиция мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Өрт салдарынан Исатай-Махамбет көшесінің бойындағы Абай даңғылынан Ихсанов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысын жабуға тура келді.

Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 шаршы метр аумақтағы гараж жанған, ішінде "ВАЗ-2121" өртенген. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылған. Өрт сөндірушілер гараждан үш мәйітті тауып, төрт оттегі баллонын шығарды.

Өрт 21:31-де ауыздықталып, 22:02-де толығымен өшірілген. Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен 7 техника жұмыс істеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61