Өнім

Астана-Павлодар тасжолында 40 жастағы жолаушы көлік апатынан мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды.

Оқиға 25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тасжолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында болған.

47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, 16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр.