Bugin

Екібастұзда полиэтилен қаптан адамның сүйегі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екібастұзда полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды. 

24 сәуірде Екібастұзда еріген суларда, Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның мәйіті табылды.

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Павлодар облысының ПД жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды.

Марқұмның үстінде "Челси" футбол командасының эмблемасы бар көк түсті Adidas футболкасы мен сұр жолақтары бар қара күртеше болған. Сондай-ақ пакеттен Nike-тің қара түсті спорттық шалбары мен шұлықтары шықты.

polisia.kz

polisia.kz

Қандай да бір ақпараты бар кез келген адамды төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарлай алады:

-Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45. -Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95.
Немесе 102 телефоны бойынша.


Анонимділікке кепілдік беріледі!