Bugin
Қарағандыда алаяқ біреудің құжатын пайдаланып алты несие рәсімдеген.
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам арызданған. Арызданушы белгісіз біреу оның жеке куәлігін ұрлап кеткенін айтқан. Осы құжатты пайдалана отырып, қаладағы түрлі микронесие ұйымдарында алаяқ алты несие рәсімдеп үлгерген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 35 жастағы ер адамды ұсталды. Ол қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.