Bugin
Қазақстанда 1 шілдеден бастап көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі. Атап айтқанда «Алтын алқа» алған, «Батыр ана» атағы бар, яғни 7 және одан да көп балалы I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін яғни төлем 25 530 теңге артады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, тиісті норма ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген.
Бүгінде 6 - 7 немесе одан да көп бала туып, өсірген аналар бірдей мөлшерде жәрдемақы алады. Осыған байланысты тағы жаңадан,«Наградталған ана» деген мәртебе енгізіп, бұрын марапатталған аналарға төленетін жәрдемақының мөлшерін саралау қарастырылып отыр.