Әлем
Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, 26 сәуірде Режеп Тайып Ердоғанды қолдауға арналған митингінің бәрі тоқтатылған, ал президент ауруханаға жатқызылған.
Бұл туралы AVAZTÜRK басылымы хабарлады.
Басылымның хабарына қарағанда, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тікелей эфир кезінде жағдайы күрт нашарлап, миокард инфарктісін алған.
Қазір ол ауруханаға жатқызылған, дәрігерлер айтуынша саясаткердің жағдайы ауыр.
"Кеше жергілікті арналардың біріндегі (Ulke TV) сұхбат кезінде саясаткердің кенеттен басы айналып, есінен танып қала жаздады. Оператор камераны дереу жүргізушіге бұрып жіберіп, содан кейін хабар бірден үзіліп, жарнама берілген. Шамамен 20 минуттан кейін хабар қайта жалғасты. Фондағы аудиожазба кезінде тікелей эфирде Ердоғанның жүрек талмасы ұстағаны туралы ақпарат келіп түсті", - делінген хабарламада.