Саясат

Қытай елшісі Қазақстанмен визасыз режим туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо Қытаймен өзара визасыз режим енгізу жоспарлары туралы айтты.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында журналистер көрші елдің елшісінен Қазақстан мен Қытай үкіметтері өз азаматтарына екі бағытта да визасыз режимді қашан енгізетінін сұраған.

“Ондай әңгіме бар. Визалық режимді жеңілдету талқыланып жатыр”, – деп жауап берген Чжан Сяо.

Бұл қашан шешіледі деген нақтылау сауалына дипломат: “Келіссөздердің өрбуіне байланысты. Биыл, біз әрине бұған үлкен үміт артамыз” деп жауап берген.

Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың арасында визасыз режим енгізілетін жобаның әзірленуде екенін айтқан болатынбыз.