Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМамыр айында қазақстандықтар сенбі, жексенбі мен мереке күндерін қосқанда 11 күн демалады.
Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
7 мамыр - Отан қорғаушы күні
9 мамыр - Жеңіс күні.
Егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Ал 7 мамыр жексенбіге келіп тұр, сондықтан демалысы 8 мамырға ауысады.
ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61