Bugin

Үндістанда Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті.

Кездесуде тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылаған.

Айта кетейік, Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысуға барған болатын.